Жаңалықтар

Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде еліміздің азаматы қаза тапты

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Сеулдегі Хеллоуин мерекесінде  еліміздің азаматы қаза тапты
Фото: inform.kz 30.10.2022 13:54 2004

Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы болған, деп хабарлайды El.kz.

Қаза тапқандардың арасында 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде. 

️Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шеккен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға