Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
01.07.2025 21:00
Фото:
Бокс федерациясы
60 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Серік Теміржанов әлем кубогіндегі бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз Аустралия елінің боксшысы Якоб Кассарға қарсы жұдырықтасып, айласын асырды. Есеп 4:1.
Айта кетейік, Серік Теміржанов 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2022 Азия чемпионатында да күміс жүлдеге ие болған.

