Жаңалықтар

Серік Шәпкенов Құлсарыны дамытудың стратегиялық жоспары жасалғанын айтты

Серік Шәпкенов Құлсарыны дамытудың стратегиялық жоспары жасалғанын айтты
Фото: t.me/oper_shtab_atyrau 16.05.2024 22:06 765

Құлсарылық тұрғындармен кездесу кезінде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсарыны дамыту бойынша арнайы стратегиялық жоспар жасалғанын атап өтті. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Серік Шәпкеновтің айтуынша, Махамбет даңғылындағы екі қабатты сегіз апатты үйді бұзу мәселесі шешілді. Әкім Достық шағын ауданындағы (Вахталық поселкедегі) және Бесінші учаскедегі тозығы жетіп тұрған көпірдің жаңартылатынын, бұл бағытта қаражат бөлініп, жұмыстар басталатынын айтты.

Құлсарыны дамыту жоспары бойынша барлық жұмыс атқарылады. Алайда дәл қазіргі сәтте бірінші кезекте тұрған міндет - cу тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеу, жағдайларын жасау. Ең басты күшті техникалық зерделеу мен бағалауға жұмсадық. Құжаттардың алғашқы легі қолымызға тие бастады. Осы уақытқа дейін сабырлылық танытқан құлсарылықтарға алғыс айтамын, - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға