Жаңалықтар

Серік Күдебаевтың қайда қашып жүргені айтылды

Серік Күдебаевтың қайда қашып жүргені айтылды
Фото: Polisia.kz 05.04.2023 09:27 1009

Қазір генералдың Солтүстік Кипрде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ол ұсталған жағдайда, негізгі жазасынан бөлек, тағы 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда генералдың Солтүстік Кипрде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр. Ал ол ел мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ дейді заңгерлер.

“Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Косово және Солтүстік Кипрді жатқызуға болады. Себебі, бұл мемлекеттермен екі жақты келісімшарттар жоқ. Олар бізге қылмыскерді ұстап беруге міндетті емес”,  – дейді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Сонымен қатар үй қамақта жүрген Күдебаевты көзден таса қылмай қадағалау керек болған қызметкерлерге де заң бойынша 7 жылға дейін жаза қарастырылған.

Күні кеше сот генералдың 23 наурызда Қырғызстан арқылы Түркияға өтіп кеткенін растаған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекарадағы бақылау-өткізу пунктінің ешбірінен өтпегенін хабарлады.

Қазір қашқын генералды іздеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратура айналысып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға