Жаңалықтар

Серік Күдебаевты Түркияда ұстап, Қазақстанға әкеле жатыр

Серік Күдебаевты Түркияда ұстап, Қазақстанға әкеле жатыр
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 27.04.2023 10:29 20702

Қазақстаннан тау арқылы қашқан болуы мүмкін деген Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бейресми дереккөздердің мәліметі бойынша ол Түркияда қолға түскен. Енді құқық қорғау органдары Қазақстанға әкеле жатқан көрінеді. ҚХА сессиясының кулуарында бас прокурор Берік Асыловтың өзі журналистерге бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, Күдебаев Түркиядан жеткізілген.

Айта кетейік, Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Қырғызстан арқылы Түркияға қашқаны айтылған. Осы іс бойынша жедел тергеу тобы құрылған.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев  Қырғызстан мемлекетіне жолданған сауалдың жауабы келгенін айтқан. Қырғыз тарапы Серік Күдебаев Манас әуежайы арқылы Стамбұл қаласына ұшып кеткенін анықтаған. Одан соң, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаев тау арқылы қашуы мүмкін деген болжам айтқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға