Жаңалықтар

Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қалай жүріп жатыр?

Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс қалай жүріп жатыр?
Фото: ҚР ІІМ 14.06.2023 14:12 605

Бұл сауалға бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталғанын және қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданғанын айтты.

БАҚ өкілдері бұл істе тағы кімдер айыпты деп танылғанын сұрады.

Ең басты айыпталушы – бұл Күдебаевтың өзі. Оның берген жауабына да сәйкес, айыпталушы тек өзі. Біздің елдің шекарасынан Қырғызстанның шекарасына өтіп кеткен. Оны сол шекараға жеткізген көлік жүргізушісі оның осындай әрекетке баратынынан бейхабар болған. Сондықтан қазір тек өзі жауапкершілікке тартылуда. Ол арнайы шекара пунктінен өтпеген. Оның берген жауабына сәйкес, Кеген ауданындағы темір тордың астын көтеру арқылы өтіп кеткен, - деп жауап берді ол.

Бұл мәселе бойынша негізгі жасаған қылмысының үстінен оған тағы да үстіне мерзім қосылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға