Серхио Бускетс маусым соңында карьерасын аяқтайды
22.09.2025 02:08
Фото:
© AFP 2024 / JOSE MANUEL VIDAL
Испаниялық футболшы Серхио Бускетс осы маусымның соңында кәсіби карьерасын аяқтайды. Бұл туралы испан журналисі Начо Гарсия мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Дереккөздің ақпаратына сәйкес, қазір АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы шешімді қабылдап қойғанымен, оны ресми түрде жарияламаған.
Бускетс 2025 жылғы МЛС маусымы аяқталған соң, яғни қараша немесе желтоқсан айларында қоштасатынын хабарлайды. Әзірге футболшының әрі қарай не істейтіні белгісіз.
Сонымен қатар, Бускетстің «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін екендігі де айтылып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

