Жаңалықтар

Сенімхатты онлайн рәсімдеу. Нотариустар шығынға ұшырауы мүмкін бе?

Сенімхатты онлайн рәсімдеу. Нотариустар шығынға ұшырауы мүмкін бе?
Фото: © iStock 11.04.2023 19:58 987

Әділет министрі Азамат Есқараев eGov жаңа онлайн сервисінің енгізілуіне байланысты нотариустар қаншалықты шығынға ұшырауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Біз бұл сәтті пысықтадық. Нотариустың барлығы жұмыс істейді. Табыс төмендемейді. Бұл «win-win», нотариустар үшін де тиімді, халыққа да ыңғайлы», деп түсіндірді министр.

Ол нотариат қызметінің құны сақталатынын және оларға жүгінген азаматтар бұл қызмет құнын банк өтініштер арқылы онлайн төлейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ақша тікелей нотариустарға түседі.

Азамат Есқараев «Цифрлық нотариус» пилоттық жоба екенін және бастапқыда сенімхаттардың кейбір түрлері ғана қолжетімді болатынын қоса айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматтары үшін нотариаттық қызметтің барлық түрі eGov Mobile арқылы онлайн режимінде қолжетімді болатынын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға