Жаңалықтар

«Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын». Кабинетінде қыз зорлаған генерал туралы тың деректер айтылды

«Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын». Кабинетінде қыз зорлаған генерал туралы тың деректер айтылды
Фото: © El.kz 29.11.2023 12:20 3014

Талдықорған қалалық ІІБ бастығы болған, генерал Марат Күштібаев жақында қызметтік кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деп қамауға алынған еді. Осыған қатысты кейбір деректер «Көреміз» туралы ток-шоуында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарламаға журналист Сандуғаш Дүйсенова келіп, істің мән-жайын баяндап берді. Оның айтуынша, бойжеткен сүйіктісімен Талдықорғанда пәтер жалдайды, бірақ түнгі екілер шамаында өзара келіспей қалған. Артынша, полиция қызметкерлерін шақырған. Ал таңертең полиция бөліміне түсінік беруге барады.

Жігіт қашып кеткен бе ол жағы беймәлім. Полицейлер қызды учаскеге алып келген. Сол кезде полиция бастығы қызды көріп қалады. Бойы ұзын әдемі қыз. «Не істеп жүрсің?» дейді. Қыз болса учаскелік инспектор алып келгенін айтады. Онда жүр біздің кабинетке сөйлесейік деп шақырып алады, - дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Кабинетінде кіргізіп алған Марат Күштібаев «Сендей әдемі қызға протокол толтырғызбаймын» деп, қызды жыныстық қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, тиісе бастапты. Қыз жігіті бар екенін айтса да, көнбей күшке салған көрінеді.

Айта кетейік, осы іс бойынша ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалған. Резонанстық оқиғадан кейін Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға