Жаңалықтар

Сенатта ТМД-дағы жалған тауар белгілерін пайдалану туралы заң қаралып жатыр

Сенатта ТМД-дағы жалған тауар белгілерін пайдалану туралы заң қаралып жатыр
Фото: senate.parlam.kz 08.06.2023 09:15 902

Сенаттың жалпы отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор Қайрат Тастекеев заңның міндеті ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау екенін атап өтті.

Келісімге қол қою тауарлар мен қызметтердің халықаралық нарығының дамуына, бәсекелестіктің өсуіне және даралау құралдарына құқықтарды қорғауға деген қажеттіліктің артуына байланысты. Осы Келісімнің мақсаты ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу, сондай-ақ мұндай тауарларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу жөніндегі ынтымақтастығы болып табылады, - деді сенатор Тастекеев.

Келісімде жалған тауар белгілері мен географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізудің анықталған фактілері туралы ақпарат алмасу, өнеркәсіптік меншік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар көзделген.

Сонымен қатар, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тауарларды дараландыру құралдарын қорғаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту жөніндегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Заңды әзірлеушілердің пікірінше, оны қабылдау теріс әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен қосымша қаржы-қаражатты талап етпейді.

Айта кетейік, келісімге 2021 жылғы 28 мамырда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға