Жаңалықтар

Сенатта сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған заң ұсынылды

Сенатта сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған заң ұсынылды
Фото: senate.parlam.kz 26.12.2022 10:41 1404

Сенатта сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған заң ұсынылды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Айтуынша, өзі басқаратын министрлік Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеген.

Заң жобасына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында және 21 қаңтарда өткен ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесудің қорытындысы бойынша берген заңнамалық тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жоспар-кестеде көзделген түзетулердің төрт блогы енгізілді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер бір көзден мемлекеттік сатып алудың негіздерін қысқартуды көздейді. Мәселен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында кейбір нысандарды бір көзден сатып алу құқығы алып тасталады, - деп атап өтті ведомство басшысы . 

Сонымен қатар министр олардың қатарына не жататынына тоқталды. 

Олардың қатарына мемлекеттік материалдық резервке алынатын тауарлар; жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер; тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар кіреді. Заң жобасында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісудің міндеттілігі көрсетілген. Өнім берушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағым жасау құқығы да қарастырылған. Қордың холдингішілік кооперациясы шеңберінде сатып алу тәсілін алып тастау нормасы көзделген, - деді Әлібек Қуантыров. 

Заң жобасы екінші оқылымға әзірленуге тапсырылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға