Жаңалықтар

Сенатта алдағы екі жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралды

Сенатта алдағы екі жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 20.11.2023 20:45 913

Депутаттар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарды талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрлігі өкілінің ақпараты бойынша 2024 жылы әлеуметтік саланың шығыстары 2023 жылға қарағанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайып, 9,9 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр. Бұл қаржы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге, бала күтімінің ақылы кезеңін 1,5 жасқа дейін ұлғайтуға, стипендияларды арттыруға, азаматтық қызметшілер мен педагогтерге еңбекақы төлеуге бағытталатын болады.

Сонымен қатар сенаторларға экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2024 жылға 2,9 трлн теңге қарастырылғаны туралы айтылды. Олар өңдеу өнеркәсібін дамытуға, өңірлерде жалғасып жатқан инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға және т.б. салаларға бағытталатын болады.

Сенаторлардың айтуынша, қарастырылып отырған заңдар республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға