Жаңалықтар

Сенаторлар ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссиясының отырысына қатысты

Сенаторлар ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссиясының отырысына қатысты
Фото: parlam.kz 10.03.2023 21:00 2067

Парламент Сенатының депутаттары Сергей Карплюк пен Алтынбек Нухұлы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссиясының отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сергей Карплюк ТМД ПАА Бақылау-бюджеттік комиссиясының отырысында 2022 жылғы қаржы міндеттемесін орындау, 2023 жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі кірістер мен шығыстар есеп-қисабын түзету мәселелерін әріптестерімен бірге қарады.

Сенатор Алтынбек Нухұлы ТМД ПАА Ғылым және білім жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы», «Ағартушылық қызмет туралы» және «Ересектерге білім беру туралы» үлгі заңдардың құқықтық мәселелерін басқа елдердің парламентшілерімен бірге талқылады. Кездесуге қатысушылар жасанды интеллектіні пайдалануды нормативтік реттеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен жаңалықтардың нәтижелілігін бағалаудың халықаралық жүйесі – ғылыми журналдардың академиялық рейтингі мәселелерін де қарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға