Жаңалықтар

Сенатор тұрғын үйлердегі лифттердің сапасына алаңдаушылық білдірді

Сенатор тұрғын үйлердегі лифттердің сапасына алаңдаушылық білдірді
Фото: Видеодан кадр 29.06.2023 15:06 823

Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров еліміздің лифт шаруашылығындағы өзекті мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.  

Депутат қазіргі уақытта жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік билік органдары арасында газ және лифт шаруашылығы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар деңгейінде бірқатар реттелмеген мәселелер бар екенін атап өтті.

Орынбасаров елімізде пайдаланылатын көптеген лифттердің тозығы жетіп отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Қазір осы салада көптеген жинақталған проблемалар бар екендігін көріп отырмыз. Мысалы, лифтілердегі ескірген көтергіштердің үстемдігі және пайдалану компаниялары тарапынан тиісті қызмет көрсетудің жоқтығы. Қолданыстағы лифттердің нормативтік мерзімі 25 жыл болса, қазіргі кезде қолданыстан шығаруға тиіс лифтілердің көбейгендігі және тағы басқа мәселелер туындады, - деді сенатор.

Сенатор қазіргі уақытта әкімдіктер тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде орналасқан тұрмыстық баллондар мен газ тұтыну жүйесін ғана бақылап отырғанын хабарлады.

Кәсіпорындарда бұл жағдайдың алдын алу үшін дабыл қағатын құралмен қамтамасыз етілген. Ал, қарапайым халықта мұндай құрылғы мүлдем жоқ. Осы мәселелер нақты шешімін таппаған кейін, түрлі оқиғаларға әкеліп соқтырып жатыр. Мысал ретінде, ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Жаңаөзен қаласындағы екі қабатты тұрғын үйде орын алған қайғылы оқиғаны айтуға болады. Одоризациялық қондырғылардың рижимдік жұмысы бақылаусыз және қадағалаусыз қалып отырғаннан кейін, болашақта тағы бір жағдай орын алмауына ешқандай кепіл жоқ, - деді депутат.

Бекбол Орынбасаров осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа газ және газбен жабдықтау саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қайта қарауды, сондай-ақ қауіпті жүк көтергіш механизмі бар лифтті пайдалану мәселелерін Төтенше жағдайлар министрлігінің қарауына беруді қарастыруды ұсынды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға