Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өз дауысын берді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өз дауысын берді
Фото: El.kz/Миражан Махан 06.10.2024 09:39 473

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 164-ші сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Бүгін еліміз үшін өте маңызды және тарихи күн. Жалпыұлттық референдумды маңызды қадам деп қабылдауға әбден болады. Бүгін біз президентіміздің халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының іске асып жатқанын көріп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағына қатысты мәселелерде еліміз қалай дамиды деген үлкен сұрақтарға келген кезде, бұл мәселе тек қана мемлекеттік органдар арасында бір кабинетте ғана емес, халықпен бірге қабылдануы керек деген ұстанымды жүзеге асырды, - деді ол.

Мәулен Әшімбаев жалпыұлттық референдумның маңызы жайлы да айта кетті.

Бүгінгі референдум Қазақстанда атом электр станциясын салынуына-салынбауға арналып отыр. Жалпы осы референдумды елімізде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара деп қабылдау керек. Осындай ауқымды шаралардың аясында халықтың пікірі естіліп, халықтың пікірі ескеріліп, мемлекеттік органдар шешім қабылдайтын болса, біз барлық алға қойған мақсаттарға жетеміз. Қазақстанды әрі қарай да дамыған демократиялық мемлекет ретінде қалыптастыратын боламыз. Сол себепті бүгін барлық еліміздің азаматтарын осы референдумға қатысуы өте маңызды. Бұл азаматтық парыз, Конституциялық құқық, - деді Сенат төрағасы.

Айта кетейік, дәл осы сайлау учаскесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де өз дауысын берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға