Жаңалықтар

Сенат төрағасы: Ауылдарда адам санын сақтап қалу – стратегиялық мақсат

Сенат төрағасы: Ауылдарда адам санын сақтап қалу – стратегиялық мақсат
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 20.02.2024 11:53 582

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбев Сенат отырысының Үкімет сағатында ауыл және қала халқының санына тоқталып, баспанаға қолжетімділік мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдарда адам санын сақтап қалу – стратегиялық мақсат. «Ауыл аманаты» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті. Шағын несилер арқасында соңғы уақытта ауылда 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, - деді Сенат төрағасы Үкімет сағатында.

Ұлттық статистика мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде қала халқының үлесі 62 пайызға жеткен. Алайда Қазақстандағы урбанизация деңгейі жан басына шаққандағы кіріс көлемі ұқсас елдерден шамамаен 10 пайызға қалып келеді.

БҰҰ Орталық Азия елдерінде орта мерзімді уақытта қала халқының өсуі жалғаса береді деп болжап отыр. Бұл үрдіс баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету өзектілігін арттыра түседі, - дейді Әшімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға