Жаңалықтар

Сенат төрағасы: Алдағы сайлаулар билікке жаңа өкілдердің келуіне мүмкіндік береді

Ел арасында сайлауларды қайтадан өткізу билікке жаңа адамдардың, қоғамдық өкілдердің, саяси партиялардың келуіне мүмкіндік туғызады
Сенат төрағасы: Алдағы сайлаулар билікке жаңа өкілдердің келуіне мүмкіндік береді
Фото: egemen.kz 09.09.2022 11:00 1826

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кезектен тыс президенттік пен Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.

Оның айтуынша, реформаларды жалғастыру үшін билік өкілдеріне халықтың қолдауы қажет.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы күзде сайлауды өткізуге қатысты ұсыныс айтты. Біз бұл шешімді толықтай қолдап, келісеміз. Түбегейлі реформаларды жалғастыру үшін биліктің тармақтарына, президентке, үкіметке, мәжіліске, сенатқа, мәслихаттарға халықтың мандаты керек. Халық осындай бағдарламаларды қолдап жатса, сол мандатты алып, ары қарай түбегейлі реформаларды жалғастыруға болады. Қазіргі таңда билікке жаңа адамдардың келуі үлкен мәселеге айналып отыр.  Сондай-ақ ел арасында сайлауларды қайтадан өткізу билікке жаңа қызметкерлердің, қоғамдық өкілдердің, саяси партиялардың келуіне мүмкіндік туғызады. Бұл сайлаулар – реформалардың жалғасы», – деп айтты Сенат төрағасы.

Сонымен қатар ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент мандатының мерзіміне қатысты айтқан ұсынысымен толықтай келісетінін жеткізді.

«Еліміздегі президент мандатының ұзақтығы бір мерзімге 7 жыл болып енгізіліп, өзгертіліп жатқанын қолдаймын. Бұл нормаға дұрыс жағынан қарау қажет. Ол Қазақстандағы саяси ортада бәскелестіктің артуына мүмкіндік жасайды. Бұл уақыт аралығы президенттің бағдарламасын жүзеге асыруға жеткілікті деп ойлаймын», – дейді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға