Жаңалықтар

Сенат республикалық бюджет жобасын қарап, Мәжіліске қайтарды

Сенат республикалық бюджет жобасын қарап, Мәжіліске қайтарды
Фото: © El.kz 23.11.2023 15:10 909

Сенат 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарап, оны түзетулерімен Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенаторлар шығыстарды көбейту керек деп есептейді. 2024 жылға арналған шығыстарды 119,5 млрд теңгеге арттыру қажет деп шешім қабылдап, Мәжіліске ұсынды. Мәжіліс келіссе, Президент қол қойып, республикалық бюджет жобасы заңды күшіне енетін болады.

Шығындарды ұлғайту президент пен үкіметтің резервтері есебінен қаржыландырылады.

2024 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі - 23,9 триллион теңге. 2024 жылға кірістер 16,1 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарланып отыр.

Келесі жылдың тапшылығы 3,5 триллион теңгеден асады немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызын құрайды.

2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан 3,6 триллион теңге алынбақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға