Жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді мақұлдады

Сенат Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді мақұлдады
Фото: Сенат 12.12.2024 16:40 93

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан 1994 жылдан бастап Азия даму банкінің мүшесі. Сенатор Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, содан бері, осы қаржы институтымен ынтымақтастық құрудың арқасында елімізде бірқатар стратегиялық бастамалар жүзеге асырылды.  
Мәселен, 2009 жылы Қазақстан Үкіметінің сұрауы бойынша Азия даму банкі контрциклдік даму шеңберінде фискалдық ынталандыру бағдарламаларын қолдау үшін 500 миллион АҚШ доллары мөлшерінде қарыз берді. 2015 жылы – Қазақстандағы мұнай мен басқа да шикізат тауарларына бағаның кенеттен төмендеуіне бағытталған қарсы шараларды қолдау үшін 1 млрд мөлшерінде контрциклдік қарыз берді, - деп атап өтті сенатор.

Азия даму банкінің Қазақстандағы ағымдағы қызметі «2017-2021 жылдарға арналған Серіктестіктің Елдік стратегиясы» шеңберінде іске асырылады. Ол үш құрамдас бөлікті қамтиды: экономиканы әртараптандыру, инклюзивті даму және тұрақты өсу.

Қазіргі уақытта Қазақстанға жеңілдетілген қарапайым капитал ресурстарынан беріліп, игерілген қарыз қаражатының жалпы көлемі $5,58 млрд құрайды. Қаржыландырудың бұл көлемі осы халықаралық қаржы институтының Қазақстанға деген үлкен сенімінің белгісі. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, осы заңды өзім  қолдаймын және әріптестерімді қоладуға шақырамын, - деді Бекбол Орынбасаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға