Жаңалықтар

Сенат депутаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды қабылдады

Сенат депутаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды қабылдады
Фото: senate.parlam.kz 14.12.2023 11:14 854

Сенат Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері мен толықтырулар енгізу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.  

Заң 2 кодекс пен 21 заңның баптары бойынша түзетулерді қамтиды.  

Бірінші, экстремизмнің алдын – алу мәселесін заңнамалық реттеу. Қазіргі уақытта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға терроризмнің алдын - алу, сондай-ақ терроризмнің зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыруда заңнамалық құзырет берілген. Ал, экстремизм мәселелері қарастрылмаған. Осыған орай, заңның негізгі мақсаты - экстремизм мен терроризмнің алдын – алу жұмыстарын жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, өзара байланыс шараларын кешенді түрде қарастыру, біркелкі алгоритмін қалыптастыру, - деді сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев.

Екіншіден, депутат арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін және қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін жетілдіруге бағытталған түзетулер қарастырылғанын атап өтті.

Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтік тергеу жүргізу және жаза қолдану тәртібін жетілдіруге, қызметкерлерді жоспардан тыс біліктілігіннің  өту мерзімдерін нақтылауға, оқыту мәселелерін регламенттеуге бағытталды, әлеуметтік қорғау және материалдық көмек көрсету тәртіптері оңтайландырылды. Сондай – ақ, ұлттық қауіпсіздік органдарының кадр құрамын Отансүйгіштік, адамгершілік және рухани тәрбиелеу арқылы құқық бұзушылықтардың алдын - алу жөніндегі іс-шаралар өткізу тәртібін бекіту құзіреті енгізілді, - деді ол.

Сөзінше, шекаралық бақылау рәсімін жетілдіру мақсатында өткізу пункттерінде шекаралық бақылау жүргізу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшісінің мінез-құлық стандарты белгіленді.

Депутат қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жекешелендіру ерекшеліктерін қарастыру бойынша стратегиялық объектілер тізбесін қалыптастыру, мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін сату туралы шешім қабылдауға мемлекеттің басқаруымен «алтын акция» немесе мемлекеттің жарғылық капиталға қатысу үлесі сақталған жағдайда рұқсат ету нормалары берілгенін айтты.

Енгізілетін нормалар мемлекеттің, осындай ұйымдардың меншік иелерінің ауысуын бақылауға және қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің түрі мен шығарылатын өнімнің негізсіз өзгеруіне жол бермеуге ықпал етеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға