Жаңалықтар

Сенат депутаттары Конституциялық соттың судьяларымен кездесті

Сенат депутаттары Конституциялық соттың судьяларымен кездесті
Фото: senate.parlam.kz 13.05.2023 21:23 973

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Конституциялық соттың судьяларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Парламентшілер мен Конституциялық сот өкілдері кездесу барысында конституциялық іс жүргізу аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сенат комитетінің төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде осы саладағы заң шығару қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сенатор жекелеген өзгерістерге де баса назар аударды.

Қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңда Конституциялық Сотты одан әрі дамыту және егжей-тегжейлі реттеу туралы жаңалықтар көрініс тапты. Осыдан кейін Конституциялық соттың құрамы жасақталып, оның ішкі қызметін ұйымдастыру мен тәртібін айқындайтын Регламент қабылданған болатын. Осылайша, осыжылдың қаңтар айында Конституциялық Сот жұмыс істей бастаған кезде жалпы алғанда оның қызметіне қажетті институционалдық негіздер жасалып болды, - деді Андрей Лукин.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова өз кезегінде институт құрылған кезінен бергі қызметі және шетелдік әріптестерінің халықаралық тәжірибесі туралы айтып берді.

Андрей Лукин кездесу барысында сенаторлар Конституциялық Соттың судьяларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға