Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңді
Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңді. Осылайша отандастарымыз Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада тарихи қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Командалық жарыста ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов және Кирилл Проходов қорғады.
Қазақстан құрамасы алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпионы — Италия құрамасын жеңді.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар тоғыз мәрте Олимпиада чемпионы атанған әйгілі Франция құрамасымен сайысқа түсті. Нәтижесінде 45:31 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының командалық жарысында медаль жеңіп отыр.
Еске салсақ, 2023 жылы Руслан Курбанов жекелей сында елге тарихи қола медаль әкелген болатын.

