ҚР ҰОК

Семсерлесуден Олимпиадаға барған тұңғыш қазақ қызы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Париж Олимпиадасы семсерлесуден әйелдер арасындағы бәсекелер басталды. Қазақстан намысын қорғап жатқан Әйгерім Сарыбай алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз бірінші кездесуінде алжирлік Хайма Бенадуданы жеңіп, 1/16 финалға жолдама алды. Есеп – 15:9.

Келесі қарсыласы – екі бірдей Олимпиада ойындарының жүлдегері Манон Брюне.

Әйгерім – қылыштасудан Олимпиада ойындарына қатысып жатқан тұңғыш қазақ қызы.

Ол 2018, 2019, 2022 жылғы Азия чемпионатында командалық бәсеке бойынша қола жүлдені еншілеген.