Семсерлесу: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үш медаль алды
28.02.2025 13:17
Фото:
ҚР ҰОК
Кувейт қаласында семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы командалық сайыста үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан ерлер құрамасы саблямен семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құрама атынан Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Сұлтан Асылбеков өнер көрсетті.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден қола жүлдені еншіледі. Ел намысын София Актаева, Алина Искандерова, Полина Долгополова және Алена Гноева қорғады.
Сондай-ақ тағы бір қола медальді қазақстандық шпагашылар иеленді. Георгий Тинников, Богдан Лукин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов жеңіс тұғырынан көрінді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

