Семсерлесу: Қазақстан құрамасы Әлем кубогында үшінші орын алды
25.11.2024 15:03
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстандық шпагашылар Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырды. Алайда, отандастарымыз жартылай финалда Жапонияға қарсы 28:45 есебімен есе жіберді.
Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті. Ал алтын жүлдені финалда Жапонияны жеңген Венгрия командасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай қорғады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

