Семсерлесу: Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды
10.09.2025 12:43
Фото:
ҚР ҰОК
Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы - қола жүлде.
Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.

