Семей қаласында көпқабатты үйлердің бірінде оқыс жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
М.Дулатов көшесінде көпбалалы ана дүкенге шығып кеткенде, пәтер есігін қайта аша алмай қалған. Іште 2009, 2013, 2015 және 2023 жылы туған балалар болып, есік қағысына ешқандай жауап болмаған соң, анасы құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар үш иінді баспалдақ арқылы балконнан пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. Балалар аман-есен аналарына табысталды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

