Семейлік пікірсайыс клубы республикада үздіктер қатарынан көрінді
16.12.2024 18:15
Фото:
Абай облысының әкімдігі
Астанада «Ozgerteam» ҚҚ ұйымдастыруымен «Sanaly Orta» ұлттық байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның мақсаты пікірсайыс технологияларын насихаттау және Қазақстандағы мектептегі дебат клубтарының дамуына қолдау көрсетуге бағытталып отыр.
Абай облысының атынан қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының «Кел, балалар, оқылық!» дебат клубы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық пен еліміздің ең үздік пікірсайыс клубы атағына ие болды.
Клубтың пікірсайыс қозғалысын жандандыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған «Sapa» жобасы ұсынылды. Жобаның өзектілігі мен инновациялық идеялары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

