Жаңалықтар

Семейлік әже қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырған

Семейлік әже қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырған
Фото: ©pixabay.com 19.04.2024 12:28 1725

Семейде 62 жастағы әйел кісі алты жыл бойы жеңгетайлықпен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырған әйел әрбір тапсырыстан 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ақша алған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында притонды әшкереледі.

Жеңгетай мен қызмет көрсетуші 9 қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, қыздардың үшеуі – Қазақстан азаматы, алтауы – Өзбекстан азаматы.

Әйел кісіге қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қазір ол Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебінде тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға