Семейдегі шақалақ өлімі: Полиция сәбиді қоқысқа тастаған адамды іздестіріп жатыр
14.10.2024 23:10
Фото:
Видеодан кадр
Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен табылған нәресте өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Елдос Закимовтің айтуынша, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру барысында бейнежазбаларды тексеру, куәгерлерді анықтау жұмыстары атқарылуда.
Қылмыстық іс басшылықтың ерекше бақылауында.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен дүниеге келгеніне бір күн болған шақалақ табылғаны туралы жаздық. Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда денесінің 80 пайызын күйік шалған сәби қайтыс болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

