Жаңалықтар

Семейде жүкті әйел тоқтап қалған лифтінің ішінде босанды

Семейде жүкті әйел тоқтап қалған лифтінің ішінде босанды
Фото: © El.kz 15.09.2023 11:21 1535

Семейде жүкті әйел перинаталдық орталықтың лифтінде босанып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға таңғы уақытта болған. Бір топ жүкті әйел көтеріліп келе жатқанда техникалық ақауларға байланысты лифт бір сағатқа тоқтап қалған. Сол сәтте лифт ішінде болған бес жүкті әйелдің бірінің кенеттен толғағы басталып кеткен.

Лифт ішіндегі болған әйелдердің бірінің айтуынша, оның анасы Эльмира Жетпісова сол емдеу мекемесінде акушерка болып жұмыс істейді, бірақ сол сәтте еңбек демалысында болып, онымен бірге партнерлік босануға бара жатқан.

Менің анам ерлік жасады – ол Семей қаласының перинаталдық орталығының бір сағат бойы тоқтап қалған лифтінде толғағы келген әйелді босандырып алды. Біз, 5 бірдей жүкті әйел сол уақыт аралығында лифт ішінде болдық, - дейді қызы.

Белгілі болғандай, дүниеге Матвей есімді ұл бала келген.

Абай облыстық перинаталдық орталығы мекемесінің басшылығы бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеген.

Алайда оқиға БАҚ бетінде жарияланған соң олар акушер әйелді марапаттауға уәде берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға