Семейде жол қиылысында көлік аударылып кетті
14.05.2025 02:30
Фото:
Абай облыстық ПД
Семейде Гёте және Найманбаев көшелерінің қиылысында жол апаты болды. Оқиға кезінде ВАЗ 11193 маркалы автокөлік аударылып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, 34 жастағы жүргізуші көлікті басқарып келе жатып, басты көшеге шығар кезде басты жолмен келе жатқан AUDI A4 маркалы көлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, ВАЗ автокөлігі аударылған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасына алып келген жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-делінген полиция мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

