Жаңалықтар

Семейде жол бойындағы әжетханадан 4 жастағы баланың денесі табылды

Семейде жол бойындағы әжетханадан 4 жастағы баланың денесі табылды
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ 27.09.2023 11:01 1123

Семей қаласының іргесінде жол бойындағы әжетханадан бала мәйіті табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бейресми ақпараттарға сәйкес, ата-анасы 4 жастағы баласын күтушіге қалдырып кеткен. Бірақ анасы үйге келгенде баласы жоқ болып шыққан. Оның мәйітін күтушінің күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырған көрінеді. Бүлдіршіннің нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз.

Полиция мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталған. 

Төрт жасар бала өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде, - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға