Семейде жоғалған шаңғышыны құтқарушылар тауып алды
22.01.2025 23:18
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
ТЖМ құтқарушылары Абай облысында жоғалған шаңғышыны аман тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін кешке 112 пультіне Семей қаласының 1971 жылғы тұрғынының қала сыртында жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
Шұғыл түрде оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жіберілді. Бір сағаттан кейін азамат табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай ер адам қала сыртына шанғы тебуге шығып, ауа райының күрт нашарлауына байланысты адасып кеткен. Содан кейін құтқарушыларға көмек сұрап, жүгінген, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

