Жаңалықтар

Семейде жаөспірім тамаққа қақалып көз жұмды

Семейде жаөспірім тамаққа қақалып көз жұмды
Фото: El.kz 12.04.2023 10:21 771

Семейде мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамаққа қақалып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай 7 сәуірде болған. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жан тапсырған.Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға