Жаңалықтар

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 19 жастағы жігіт көз жұмды

Семейде жантүршігерлік жол апатынан 19 жастағы жігіт көз жұмды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 10.07.2023 15:26 1767

Семейде жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 20 маусым күні болған. 19 жастағы жүргізуші Audi 100 көлігін басқарып келе жатып, Шәкәрім даңғылының бағытындағы автокөлік көпірінен кейін рөлді басқара алмай, бағананың тірегіне соқтығысты.

Салдарынан жүргізуші ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға