Семейдегі аспалы көпірге өткен жылы жапон мамандары келіп зерттеу жұмысын жүргізген. Бұл бойынша бүгінде жобалық-сметалық құжатамалары әзірленіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихатында облыс әкімі алдағы жылы Ертіс өзенінің үстінен тағы қандай көпір салу жоспарда барын айтты.
Аспалы көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу біздің кешенді жоспарымызда бар. Жобалық-сметалық құжат дайын болғасын конкурс жариялап жұмысты бастаймыз. Көпірде көп ақау жоқ. Тросстардың шіріген жерлері бар. Күрделі мәселе жоқ және асфальттың төсемін ауыстырамыз. Бұған жапон мамандары тартылатын болады, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, қосымша төрт жолақты жаңа көпір 2025 жылға дейін салынады деді ол.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

