pexels.com

Семейде велосипед мінген жігітті жеңіл көлік қағып кетті

09.06.2025 17:52

Бүгін сағат 15:10-де Семей қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, «КАМАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Папанин көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне шыққан кезде жол бойымен келе жатқан велосипедшіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипед тізгіндеген ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем тобы келіп жетті.

Оқи отырыңыздар:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.