Төтенше жағдайлар министрлігі

Семейде үш қабатты монша өртенді

Семей қаласының Шугаев көшесінде жеке тұрған үш қабатты монша кешенінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша өрт қазандықтың үй-жайында екінші қабатқа және жақын тұрған бір қабатты дүкеннің шатырына таралған. Қызыл жалын аумағы - 132 шаршы метр. Жалын толығымен сөндірілді.

Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен 1992 жылы туған әйел адамды құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.