Жаңалықтар

Семейде тағы бір көпірдің құрылысы басталады

Бұл туралы Президент өңірге сапары барысында мәлімдеді
Семейде тағы бір көпірдің құрылысы басталады
Фото: semey.city 30.09.2022 12:35 1525

Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Бұл туралы Президент өңірге сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

«Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады.

Өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту қажет. Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол облыс орталығындағы аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді міндеттеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға