Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген жігітке сот үкімі шықты
Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
17.07.2024 10:27
1306
Семейде сүйіктісін көлікпен таптап өлтірген жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.
Сот күдіктіні қылмыстық кодекстің «Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойырша кінәлі деп тапты.
ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Галушкин Александр Владимирович кінәлі деп танылсын және 10 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелсін. Сондай-ақ 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, - деді үкімді оқыған судья Лариса Федосова.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстандық хоккейшілер Канада жастарын ірі есеппен жеңді