Жаңалықтар

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы айтылды

Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы айтылды
Фото: Әлеуметтік желі 25.12.2024 10:42 272

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департамент директоры Гүлнар Сәрсенбаева айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда науқастың жағдайы жақсы. Жарақат алған күні операция жасалған. Қазір науқас есін жиды. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Одан кейін реабилитация жасап, қалыпты өмірге оралуына жағдай жасаймыз, - дейді Гүлнар Сәрсенбаева.

Айта кетейік, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға