Абай облысында "Заря" қоғамдық жағажайы ашылды. Шара барысында түрлі ойындар, сайыстар ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді. Жағажайдың ашылуына 500-ден аса адам қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық жағажай орны абаттандырылып, Ертіс жағалауы тазаланды. Жағажайға баратын асфальт жол салынған.
Демалушылар қауіпсіздігі үшін құтқару бекеті құрылып, қажетті арнайы құрылғылармен жабдықталып отыр. Сондай-ақ, суда түсу аумағы белгіленді.
Бұдан бөлек, жағажай аумағында дүңгіршектер, киім ауыстыру, демалу орындары, күн көзінен қалқалайтын зонтылар, дәретхана орнатылды. Орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылды.
Суға шомылу маусымы кезінде ТЖД қызметкерлері күшімен қайықты мобильді кезекшілікпен қамтамасыз етілетін болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

