Жаңалықтар

Семейде «Qazaq Marathon Abay» марафоны өтті

Семейде «Qazaq Marathon Abay» марафоны өтті
Фото: Абай облыстық әкімдігі 21.07.2024 20:15 446

Семейде спорт сүйер қауым үшін «Qazaq Marathon Abay» марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, іс-шара Абай атындағы алаңда басталып, содан кейін қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгіріп өтті. Жүгіруге мыңнан астам әуесқой спортшы қатысты.

Қатысушыларға физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қашықтықты таңдау мүмкіндігі берілді: 21 км, 10 км, 5 км, 10 км (скандинавиялық жаяу жүріс) және2 км (балаларға арналған қашықтық). Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,4 млн теңгені құрады.

Семейдегі Qazaq Marathon 2024 марафонның екінші кезеңі болды. Ұйымдастырушылар жыл соңына дейін еліміздің басқа өңірлерінде осындай бес іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

«Qazaq Marathon өңірлік орталықтарды бір тудың астына біріктірген алғашқы жоба болды. Біздің міндетіміз – спортқа көбірек адамдарды тарту. Бұған дейін өңірлерден спортшылар Алматыға, Астанаға және Шымкентке ірі старттарға қатысу үшін келген болатын, енді біз өңір тұрғындарына үлкен спорттық мереке сыйлау үшін өзіміз келеміз, - деп атап өтті Qazaq Marathon жобасының авторы Азамат Ердесов.

Әр жарысты өткізгеннен кейін ұйымдастырушылар қалаларда кәсіби жаттықтырушылар басқаратын жүгіру мектептерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мектептерде балалар тегін оқи алады, ал уақыт өте келе ересектер де қосыла алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға