Жаңалықтар

Семейде қала күнінде 20 отбасы баспаналы болды

Семейде қала күнінде  20 отбасы баспаналы болды
Фото: Семей қаласы әкімдігі 22.09.2024 09:33 554

Семейде қала күні аясында Цементшілер кентінде пәтер кезегінде тұрған 20 отбасыға  пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Баспаналы болғандардың барлығы әлемеуметтік осал топ санатындағылар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін қала күні және қоныс тойларымен құттықтады. 

Ең алдымен баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Тамыз айында 237 пәтердің кілттері кезек тәртібі бойынша  табысталды. Бүгін қала күні қарсаңында 20 отбасы баспаналы болады.  Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 77 азамат баспанамен қамтамасыз етілгенболатын. Сонымен қатар, 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасыжаңа баспанаға қол жеткізді. Соңғы жылдары бұл – мемлекетіміздегі әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі, халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам.
- деді Семей басшысы.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үй соңғы үлгіде, мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп шығуына ыңғайлы етіп салынған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға