Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Семей қаласының Ертіс жағалауында Масленица мерекесі тойланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік алаңда тәттілер, нан-тоқаш өнімдері мен қолөнер бұйымдары сатылған жәрмеңке ұйымдастырылды.
Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, жергілікті шеберлердің қолынан шыққан кәдесыйлар мен әсем бұйымдарды тамашалады. Сонымен қатар, түрлі фотозоналар қойылып, келушілер ерекше сәттерді естелікке түсірді.
Ертіс жағалауында ән-күй әуелеп, думанды мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қала әкімдігі бұл күн қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұмытылмас әсер қалдырғанын атап өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

