Семейде кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері жаңартылып жатыр
12.07.2024 07:29
Фото:
Семей қаласы әкімдігі
Семей қаласында кәсіпкерлік нысандарының қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, қалада 3500-ден аса кәсіпкерлік нысандары бар. Биыл жыл басынан бері 30-дан астам нысанның қасбеттері күрделі жөндеуден өтіп үлгерді.
Бұл жұмыстар Мәңгілік ел, Момышұлы, Найманбанв көшелерінде қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Еске салсақ, маусым маусымында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесіп, ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру бойынша тапсырмалар берген болатын. Бұдан өзге қаңтар айынан бастап 3000 дана хабарламалар таратылып, учаскелік полиция инспекторларымен ҚР ӘҚБТК-нің 505 бабы бойынша 2366 хаттама толтырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

