Жаңалықтар

Семейде есірткі жасаған студенттер ұсталды

Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып Семей қаласының аумағында таратып келген.
Семейде есірткі жасаған студенттер ұсталды
Фото: polisia.kz 18.08.2022 23:34 1530

Абай облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін құрықтады, деп хабарлайды El.kz.

Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып Семей қаласының аумағында таратып келген.

«Тінту шараларын жүргізу кезінде «сатушылардан» полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ Альфа-PVP синтетикалық есірткісі болып шықты», – ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәлімдеуінше, аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Айыпталушылар Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал», – делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға