Жаңалықтар

Семейде ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті

Семейде ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті
Фото: Абай облысының әкімдігі 25.12.2023 23:47 977

Абай облысында ерекше білім беруді қажет ететін 100 балаға арналған жаңа жылдық мерекелік қойылым өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға облыстың арнайы мектептері мен интернат тәрбиеленушілері ата-аналарымен бірге қатысты. Сондай-ақ, жаңа жылдық кешке арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушылары арасынан спортта және шығармашылықта жетістіктерге жеткен дарынды мүмкіндігі шектеулі балалар да шақырылды.

Мерекелік кешке арнайы келген облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «болашақтың кілті   - білімді, сауатты ұрпақтың қолында» екенін баса айтты.

«Сіздерді жаңа жылдық шырша мерекесінде көргеніме қуаныштымын. Қымбатты балалар және қадірлі ата-аналар, барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқашан осылай жарқырап жүре беріңіздер. Дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл күні тілеген барлық арман-тілектеріңіз орындалып, өмірде тек сәттілік серік болсын! Біз сіздерге сенеміз! Жаңа жыл құтты болсын!» - деді Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетсек, биыл Абай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы облыс көлемінде 450 бала қатысып, олардың әрқайсысына сыйлықтар мен 100 мың теңгеге сертификат табысталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға