Семейде мейрамханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтеншеліктердің мәліметінше, қабырға аралық қуыста жылытқыш жанып, от ғимарат қабырғаларының, төбесінің және шатырларының ағаш конструкцияларына, сондай-ақ бір шатырдың астында орналасқан жапсарлас дүкеннің шатырына тараған.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның одан әрі таралуының алдын алып, ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік туды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 270 шаршы метрді құрады.
Зардап шеккендер жоқ. Күштер мен құралдарды үйлестіру және барлау үшін ұшқышсыз ұшу апараты жұмылдырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

